Осталось до экзамена:

дн.
ч.
Экзамены началась! Готовим для Вас информацию по следующим мероприятиям
04.12.2025

Бағалаушының «Сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлікті алу үшін біліктілік емтиханынан өтуі бағалаушының «Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігі бар мамандану бойынша ғана мүмкін болады.

Емтиханға жіберу үшін үміткер біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша (белгіленген нысанға сәйкес) өтініш береді. Өтініш пошта арқылы не Палатаның интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, не қолма-қол беріледі.

Үміткер өтінішіне мынадай құжаттарды қоса береді:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың Палата бекіткен бағдарламаға сәйкес (және сағат көлемінде) оқудан өткенін куәландыратын құжаттар;
  • біліктілік емтиханын қабылдағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (Палата Кеңесінің шешіміне сәйкес (2019 жылғы «01» сәуірдегі № 3 хаттама).

Сарапшылар үшін біліктілік емтиханын қабылдағаны үшін алым сомасы 10 АЕК (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК мөлшерін негізге ала отырып) құрайды.

Біліктілік емтиханын қабылдағаны үшін алымды төлеу ұсынылған шотқа сәйкес үміткердің біліктілік емтиханын тапсыруға белгіленген соманы аудару жолымен қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

Кандидаттың өтініші мен құжаттарын Палатаның Біліктілік комиссиясының жұмыс органы олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Құжаттары қойылатын талаптарға сәйкес келетін кандидаттар Палатаның шешімі негізінде біліктілік емтиханынан өтуге жіберіледі, ол кандидаттарға емтихан өткізілетін күнге дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Біліктілік емтиханынан өту үшін тіркелген кандидаттардың тізімдері Палатаның интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Құжаттарды ұсынбаған не тиісінше ресімдемеген кезде, біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы шешімді Палата кандидатқа өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пошта арқылы не Палатаның интернет-ресурсы арқылы жібереді.