Құрметті «Өзін-өзі реттейтін ұйым «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» Бағалаушылар палатасының мүшелері!
Осы арқылы Сіздерді Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасының нормаларын тиісінше сақтау және қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы хабардар етеміз.
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі мәтіні бойынша – «Заң») 15-бабы 1 тармағы 1) тармақшасы бойынша бағалаушы бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және бағалау қызметі стандарттарының талаптарын сақтауға міндетті.
Бұл ретте, Заңның 8-бабының ережелерін сақтау қажеттігіне, оның ішінде бағалау жүргізу шартында тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау жүргізу шартын жасасу құқығын беретін өзге де негіздер қамтылуға тиіс екендігіне назар аударамыз (2) тармақтың 12) тармақшасы).