Палата жаңалықтары

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі мамандандырылған органға қатысты ақпарат

informatsiya-kasatelno-spetsializirovannogo-organa-po-dosudebnomu-uregulirovaniyu-potrebitelskih-sporov

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі мамандандырылған органға қатысты ақпарат

 

Реттемелеуші нормативтік актілер тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 346-VI Заңы;
  2. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Заңы;
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы «Өзін-өзі реттеу туралы» № 390-V Заңы;
  4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы «Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» №180-НҚ бұйрығы.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Заңы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №346-VI Заңына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа рәсімін көздейтін 6-1-тараумен толықтырылды тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде сапасыз тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шағымдарды қараудың үш сатылы тетігі енгізілді:

– Бірінші кезең – сатушының шағымды өз бетінше қарауы немесе дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің қызметтеріне жүгінуі.

– Екінші кезең – тұтынушы сатушының жауабына қанағаттанбаған жағдайда шағымды қарауды уәкілетті орган (Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері) жүзеге асырады.

– Үшінші кезең – жоғарыда көрсетілген екі кезең барысында дау реттелмеген жағдайда ғана тұтынушылар сотқа жүгінуге құқылы.

Осылайша, тұтынушылық дауды сотқа дейін реттеу субъектісіне – төрелікке, медиаторға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, қауымдастықтарға (одақтарға) не өзін-өзі реттейтін ұйымға жүгіну жолымен алдын ала шешуге болады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы «Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» №180-НҚ бұйрығының 135-тармағына сәйкес, «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» өзін-өзі реттейтін ұйымы» Бағалаушылар палатасы тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесіне енгізілген.

Палата кеңесінің 10.11.2021 жылғы шешіміне сәйкес Палатада мамандандырылған орган – Тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Заңы (04.09.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен)

42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу. 1. Тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 33-2-бабына сәйкес ол туралы ақпаратты сатушы (дайындаушы, орындаушы) орналастырған, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің – төреліктің, медиатордың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, қауымдастықтардың (одақтардың) не сатушы (дайындаушы, орындаушы) мүшесі болып табылатын өзін-өзі реттейтін ұйымның қарауына беруді ұсынуға құқылы. Бұл ретте сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушымен келісуге және тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысуға құқылы. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы келісім жазбаша нысанда ресімделеді. 2. Тұтынушы тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау туралы өтінішті тараптардың тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы жазбаша келісімі болған кезде тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне жүгіну арқылы немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы беруі мүмкін. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісі тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті органға береді. 3. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау осы Заңның және Қазақстан Республикасының төрелік, медиация, өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2021 жылғы «10» қарашада «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» өзін-өзі реттейтін ұйымы» Бағалаушылар палатасы кеңесінің хаттамасы негізінде мамандандырылған орган – Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі комиссия құрылды және «Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі комиссия туралы ереже» бекітілді.

Сотқа дейінгі реттеу бойынша жүгіну үшін арыздар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: cpa_kz@mail.ru немесе мекенжайы бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі 7″Б”, 43-кеңсе.

Байланыс телефондары 8 /727/ 266 50 09, 8 /727/ 375 33 88