Құрметті «Өзін-өзі реттейтін ұйым «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» Бағалаушылар палатасының мүшелері!
Палата Кеңесінің 2025 жылғы «22» мамырдағы шешіміне және 2025 жылғы «08» шілдедегі Хабарламаға сәйкес, Сізге 2025 жылғы «05» қыркүйекте «Өзін-өзі реттейтін ұйым «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» Бағалаушылар палатасы (бұдан әрі – «Палата») мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлаймыз.
Бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты, online-дауыс берудің аяқталуы: 2025 жылғы «05» қыркүйек 18 сағат 00 минут.
Кезектен тыс жалпы жиналысты өткізу нысаны: сырттай.
Кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібі:
1) Палата Кеңесінің мүшелерін сайлау; 2) Палата Кеңесінің Төрағасын/Төрайымын сайлау; 3) Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау; 4) Атқарушы директорды тағайындау; 5) Сараптамалық Кеңес мүшелерін сайлау («сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлігі бар Палата мүшелерінің ішінен); 6) Санақ комиссиясы мүшелерін сайлау
Палатаның атына 2025 жылғы «09» шілде сағат 18.00-ге дейін берілген өтініштеріне сәйкес, Палатаның басқару органдарына сайлау үшін өз кандидатураларын мынадай тұлғалар ұсынды:
1) Палата Кеңесіне: Увайсова Х.М., Искаков М.У., Сарсенбаева А.С., Мирных О.Б., Барнаева М.М., Лельчук С.Ф., Сыздыков Т. М.;
2) Палата Кеңесінің Төрайымына: Барнаева М.М.;
3) Тексеру комиссиясына: Садыбеков А.У., Семёнкина Г.А., Абильсеитов А.Б.;
4) Атқарушы директорға: Азнабаева Н.Э.;
5) Сараптамалық кеңеске: Искаков М.У., Рассказов А.Е., Максимочкина Е.В., Барнаева М.М., Лельчук С.Ф., Чекалина Г.В. Гусевская И. В;
6) Санақ комиссиясына: Гущин Е. А., Турманов А. М., Мусин Р. С.
Дауыс беруге арналған Бюллетень осы Хабарламаға қоса беріліп отыр.
Дауыс беруді жүзеге асыру тәсілдері:
а) Палата мүшелерінің әрқайсысының дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыруы арқылы;
Сканерленген бюллетень Палатаның келесі электрондық мекенжайларына жіберіледі; cpa_kz@mail.ru, sro_ppno@mail.ru не 050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас к-сі, 7Б, 43-кеңсе мекенжайында орналасқан Палата кеңсесіне (жұмыс күндері 9.00-18.00 аралығында) қолма-қол жеткізіледі;
б) онлайн-дауыс беру – Google Формы – Google Сервисінде орналастырылған электронды веб-нысандарды толтыру арқылы. Алынған сілтеме бойынша Палата мүшесі дауыс беру процесін жүзеге асырады (сілтеме https://forms.gle/Nd8u14PgGAtdonKa6 ).
Сізге ыңғайлы болуы үшін, online-әдіспен дауыс беру үшін қажетті әрекеттер тізбегін сипаттайтын егжей-тегжейлі нұсқаулық https://drive.google.com/file/d/1h7HFd6JRBXLDv9kR4fFNWZYIPkm-9uPk/view?usp=sharing орналастырылған.
Кезектен тыс жалпы жиналыстың хаттамасы 2025 жылғы «14» қыркүйекке дейін Палатаның ресми сайтында орналастырылатын болады.