Құрметті бағалаушылар!
Палата Жарғысының 6-бабы, 6.2.-тармағы, 6.2.5-тармақшасының ережелеріне сәйкес және Палата Кеңесінің 2023 жылғы «06» наурыздағы шешімімен (№1 хаттама) Сізге 2023 жылғы «30» наурызда «Өзін-өзі реттейтін ұйым «Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасы» Бағалаушылар палатасы (бұдан әрі –«Палата») мүшелерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу жоспарланып отырғаны туралы хабарлаймыз.
Палата мүшелерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
- Палата Кеңесінің есебін бекіту.
- Атқарушы органның есебін бекіту.
- Тексеру комиссиясының есебін және жылдық қаржылық есептілікті бекіту.
- Біліктілік комиссиясының есебін бекіту.
- Әдеп, бақылау және тексеру жөніндегі комиссияның есебін бекіту.
- Тәртіптік комиссияның есебін бекіту.
- Сараптама кеңесінің есебін бекіту.
- 2023-2024 жылдарға арналған бюджетті бекіту
- 2023-2024 жылдарға арналған кіру және жылдық мүшелік жарнаның мөлшерін белгілеу
- Палатаның және Палата мүшелерінің 2023-2024 жылдарға арналған мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету тәсілін анықтау.
Бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты және/немесе online – дауыс берудің аяқталуы: 2023 жылғы «30» наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 18 сағат 00 минут.
Дауыстарды санауды жүргізу орны: 050008/A05F0T4, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Манас көшесі, 7Б үй, 43 кеңсе (дәріс залы).
Палата мүшелерінің жылдық Жалпы жиналысын өткізу нысаны: сырттай.
Жылдық Жалпы жиналысты өткізу кезінде шешімдер қабылдау тәртібі: мынадай ықтимал тәсілдердің бірімен сырттай дауыс беру арқылы:
а) Палата мүшелерінің әрқайсысының дауыс беру бюллетенін толтыру арқылы; сканерленген бюллетень:
– кез келген қол жетімді электрондық байланыс құралдарымен көрсетілген электрондық мекенжайлардың біріне жіберіледі: cpa_kz@mail.ru немесе sro_ppno@mail.ru немесе
– 050008/A05F0T4, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Манас көшесі, 7Б үй, 43 кеңсе мекенжайында орналасқан Палата кеңсесіне жеткізіледі (жұмыс күндері сағат 9.00 – ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін);
б) online – дауыс беру – Google – Google Нысандары Сервисінде орналастырылған электрондық веб-нысандарды толтыру арқылы. Палатаның мүшесі атқарушы органнан алынған сілтеме бойынша дауыс беру процесін жүзеге асырады (сілтеме
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdZO1vHms5eQMFBKmU6qKz065zJYgSjLtQunA5-P84dSlF14Q/viewform?usp=sf_linkhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdpC8_R-92E9JM9yLNdRc2yIJushqaO4lKV6w1f8rE8n0-6Ug/viewform?usp=sf_link
Сізге ыңғайлы болу үшін онлайн-әдіспен дауыс беру үшін қажетті әрекеттер тізбегін сипаттайтын егжей-тегжейлі нұсқаулық мына жерде орналастырылған:
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Сізді Палата мүшелерінің осы жылдық Жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.
Палата мүшелерінің Жылдық Жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Жалпы жиналыс бойынша құжаттар: